Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

40-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп, «Ат – ердің қанаты» деп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік бітіпті.

2. Сонымен олар ұшса, қайыспас қанат, ұмтылса, қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, шарлапты. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «ел аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан – оттан да ыстық», «Өз елім – өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты.

3. Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты.

– Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер? – депті Қыран. Сонда қос Пырақ:

– Көргенімізді айтсақ, көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, әркімнің өз жері – жұмақ екен, – депті.

– Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың, – деп қостапты Қыран.

– «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» деген екен. Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық.

4. – Онда алдарыңнан жарылқасын, – депті Қыран. Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр шашсын, шайқалмасын деп, қанаттың астына алып, Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, қырағы қорғаны болу керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк төрінде төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын.

– Тауып айттың, Қыран! Ынтымақ түбі – игілік. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе!?



Сұрақтар
  1. Мәтіннің 2-бөліміндегі ойға сәйкес тұжырым(-дар)

    1. Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

    2. Туған жер – тұғырың.

    3. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.

  2. Қос Пырақты ауыздықтаған Ерлердің алғашқы әрекеті қандай болды?

  3. Мәтін қандай стильде жазылған?

  4. Мәтіннің тақырыбы кандай?

  5. Мәтіннің мазмұны қай үлгіде құрылған?

  6. Мәтіннің негізгі ойы берілген бөлім(-дер)

Қате туралы хабарландыру