Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

43-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді.

Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі. Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін», – дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», – деп астық басында калады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», – деп, өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», – дейді. Ибраһим: «Жарайды», – деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жүмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», – деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да.



Сұрақтар
  1. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал

  2. Ибраһимнің бидайды ағасының қабына салу себебі

  3. Ағайындылар айналысатын кәсіп

  4. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты

  5. Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді?

  6. Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет

Қате туралы хабарландыру