Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

44-мәтін (2019 жыл)

Конспект

I. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім – жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан-кестеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды ұлық тұтқан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде.

Досхан деген кызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта жоғалатын күні алғаш peт «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай.

II. Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын.

– Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, – дейді.

– Ауыл қалай, ағайындар аман ба? – деп хал сүрасып жатырмыз.

– Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы жолы түгендеп әкетіп барамын, – деді.

Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.

III. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді жинастырып жүрген қызым: – Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? – деп құж желке балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!», демесем де, ішкі ойыммен ұры тұткан маңайындағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, Құраққа да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған «қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы, жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ.

IV. Өзгені өзгеге танытуға; ғайбаттауға, нақақтан жала жабуға, қара күйе жаға салуға құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай бердім.



Сұрақтар
  1. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы

  2. Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті?

  3. I бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді?

  4. Ill бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп тұр?

  5. Мәтін стилі

  6. Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?

Қате туралы хабарландыру