
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
41-мәтін (2019 жыл)
Қызылорда қаласының “Халық” газеті өзінің оқырмандарының арасында сауалнама жүргізген болатын. Сіздерге сауалнамаға қатысқан респонденттердің ойымен танысу үшін келесі мәтін ұсынылады.
Раушан, архитектор: Қобыз кейпіндегі көпір
Бізге қобыз бейнесіндегі көпір жасауға болады. Ол қаланың кос бөлігін байланыстырып, шаһарға ерекше көрік беріп тұрар еді. Мұнда келетін демалушылар саны да үзілмейтін болады. Сонымен қатар, ұлттық накыштағы нысан, яғни, ерекше назар аудартатын көпір бопмақ. Енді бұл ұсынысты облыс әкімінің назарына ұсынсам ба деп отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тапса, тіпті жақсы.
Сәкен, журналист: Қымызханалар
Бізге ұрпақ саулығы керек. Қалада ашылатын әр қоғамдық орынның барынша пайдалы болуын ойластыру керек деп ойлаймын. Айталық, қымыз қырық аурудың алдын алады екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларының бірі ретінде қымызханалар ашуды ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана қандай болу керек деген сауал туады. Ол заман талабына сай кафе типтес болу керек. Мұны аз десеңіз, ішіне жалт-жұлт еткен шамдар жақсын, әйтеуір елді өзіне тартсын. Сол арқылы ауылшаруашылығы өнімін өткізсін. Ондай жерлерде терме, түрлі аңыз-әңгімелер айтылып тұрса, нұр үстіне нұр. Қазір коғам соған сусап отыр. Ең бастысы, денсаулық пен ауылшаруашылығының дамуына үлес қосатын, рухани күшейтетін дүние – осы демалыс орындары.
Динара, қала түрғыны. Кемпинг
Ашық аспан астындағы спорттық ойын алаңдары салынса жақсы болар еді. Халық сондай орыңдарға зәру. Бұл бір жағынан бұқаралық спортты дамытуға сеп болса, екіншіден, бос уақытты өткізетін керемет орын болар еді. Содан соң кала сыртында демалыс орындарын көбейткен дұрыс. Мәселен, кемпинг (автотуристерге арналған демалыс орны) түріндегі орындар бой көтергенін қолдаймын.
-
Сауалнамада сөз болмаған мәселе
-
Халық өнері туралы ой қозғаған респондент
-
Салауатты өмір салтына қатысты пікір иесі(иелері)
-
Архитектордың пікірінше, қандай жағдайда оның ұсынысы іске асуы мүмкін?
-
Берілген мәтін стилі
-
Мәтіндегі ойға сәйкес келмейтін тұжырым(-дар)
1. Ауылшаруашылық өнімдерін өткізу мәселесі шешімін тапты.
2. Қобыз кейпіндегі көпір қаланың негізгі көркіне айналды.
3. Демалушылар автокөліктеріне орын бөлу мәселесі өзекті емес.