
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
47-мәтін (2019 жыл)
1. Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге» деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарай бағалаған. Әйел шашы табиғатына қарай «қолаң шаш, сүмбіл шаш», өріміне қарай «жалғыз бұрым, қос бұрым» деп аталады. Оның әр талын «жібектей» деп, өрілген бұрымды «білектей» деп көркем сөзбен кестелеген. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылатын сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Абай: «Қолаң қара шашы бар жібек талды», Ақан сері: «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек», – деп әнге қосып, таңданған.
2. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру – үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет – осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін сиыр мүйізінен жасалған, тісі әртүрлі тарақ қолданылған. Шашты жалтырату үшін шашмай жаққан.
3. Шолпы – шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік бұйымдардың ішіндегі ең асылы. Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы, алтын шолпы, күміс шолпы.
4. Ұзын шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Әсем аяқ алысына үн қосып, ару сыны мен сымбатын арттыра түседі. Мұндай сұлуды халқымыз «сыңғырлаған күлкісіне күмбірлеген шолпысы үн қосады» деп ардақтаған. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі – шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе шаш ұшына байланады.
5. Өмірден түйгені мол дана халқымыз: «Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сүлу, берік болып өседі, ерте түспейді», – ден жорамалдаған.
-
Ақан сері таңдана жырға қосқан шаш
-
Шаштеңге туралы сөз қозғалатын азатжолдар
-
Халқымыздың шолпының үніне қатысты көркем сөзі берілген азатжол
-
Мәтінде сөз болатын ұлт мәдениетіне қатысты мақал-мәтел
-
Шаштың ұзындығына орай сипаты
-
Шаш тарауға арналған тісі әртүрлі тарақ