
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
46-мәтін (2019 жыл)
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы жайсаң. Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік, жиде өсіріледі. Әсіресе бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою болғандықтан, күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып өтудің өзі бір тауқымет.
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тыңдаған сайын тыңдағың келеді.
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ болып іздей бастады. Сыбдырдан шошынған бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұғаларды аралап әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс.
Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардың бәрінде бұлбұл сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім – Алмабай атайдың немересі. Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен баққа кіре бергенде, жап-жақын жерден бұлбұлдың сызылған әні естілді.
Есен айқайлап жіберді:
– Әне, бұлбұл!
– Айқайлама, – деді Сәлім бәсең дауыспен.
Есеннен сабыр кеткен.
– Жүр, ұстап алайықшы!...
– Жоқ, болмайды...
– Неге?
– Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін жүруге тиіс. Өзіне нұксан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды.
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...»
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді.
-
Есеннің ойға шому себебі
-
Есен бойына жетіспейтін қасиет
-
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құстың ұнататыны
-
Есеннің ауласындағы бұлбұлдардың сайрамау себебі
-
Сәлімнің Есеннің айқайламауын өтіну себебі
-
Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар
1. Құстар әнін насихаттау.
2. Құстарға қамқор болу.
3. Құстар тыныштығын сақтау.