Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

33-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың», – деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.

Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып, рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып: не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.



Сұрақтар
  1. Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?

  2. Мәтіннің стилі қандай?

  3. Патша баласы кандай еді?

  4. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?

  5. Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес мақал

  6. Патшаның құлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі

Қате туралы хабарландыру