Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

34-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Астрономия – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Ертедегі адамдардың өмір сүруіне практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына түрткі болды. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрыңғы VІ ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану кезеңі белгілі еді. Грекия ғалымдары жер шарын зерттеу саласында көп еңбектенген. Кейінгі ғалымдардың айтуынша, жердің шар тәрізділігі туралы ілім осында қалыптасқан.

Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген, Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсынан б.з.б V ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылған. Орыс ғалымы П.И. Мариковскийдің зерттеуінше, батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық - жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік сызық - қысқы күн тоқырауы сәтіндегі көкжиектен көрініс бере бастаған Күн сәулесінің жолын керсетеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған.

Б.з.б IV ғасырда Қытайдың тұңғыш жұлдыз каталогі (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние кұрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы – Жер деп есептеген. Б.з.б III ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Б.з.б II ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың өз каталогін ұсынды.



Сұрақтар
  1. Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қайда қалыптасты?

  2. Дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы – жер деп есептеген ғалым

  3. Ертеде халық арнайы құрал-жабдықтарсыз бағытты қалай ажыратқан?

  4.  Ұсынылған жұлдыздар тізімінің екі нұсқасы арасындағы уақыт айырмашылығы

  5. Астрономияның дамуына не себеп болды?

  6. Орыс ғалымы. П.И.Мариковскийдің зерттегені

Қате туралы хабарландыру