Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

29-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Уақыт және адам

Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Адам «кім?» деген сұраққа жауап берсе, уақыт әрдайым «қашан?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы алыстан іздемей-ақ әрқайсымыз кешегі, бүгінгі және ертеңгі өмірімізді ойша шолып қарайтын болсақ, бәрібір «кім?», «қашан?» деген сұрақтарға соқпай кете алмаймыз. Өйткені адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес. «Сен қашан ұйқыңнан оянасың?», «Қашан сабаққа барасың?», «Сабақтан қашан келесің?», «Үйықтауға қашан жатасың?» – деген сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады. Ал уақыт – ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн және ертеңгі күн деп болгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ал ертеңгі күн бүгін болады да, ол да өте шығады. Халықта «Күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді» деген сөз бар. Ол – өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер - бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар. Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты. Адам әлдебір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немесе әлдебір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды. Уақыт ұшқыр болғандыктан, ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең – ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғалардың өзі осы секундта болады. Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің колынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам – ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын, уақытты ұтымды пайдалану – үлкен өнер.



Сұрақтар
  1. Адам өмір сүруі мүмкін емес

  2. Автордың ойынша, дұрыс тұжырым

    1. Уақыттың қадірін түсіне білу керек

    2. Уақыт көшіне ілесіп өмір сүру керек

    3. Уақытпен үйлесім таба білу керек

    4. Уақытты ұтымды пайдалана білу қажет

  3. Мәтін мазмұны бойынша адам өз әлсіздігін мойындайды

  4. Небір үлкен оқиғалардың өзі болып жататын кезең

  5. Мәтіннің соңғы бөліміне түйін

  6. Мәтінде кездеспейтін нұсқа

Қате туралы хабарландыру