
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
33-нұсқа (2019 жыл)
Бақыт сезімі
Бір күні бай кісі халық арасында жарыс жариялайды. Бақыт сезІмін қағаз бетіне түсіре алатын ең жаксы суретшіге ақшалай жүлде бермек болады. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында барлық жұмыстарды іріктеп болған соң, қазылар алқасы көп дауыс жинаған екі суреттің ең үздігін таңдай алмай қиналып қалады. Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті бейнеленген. Көлдің бетінің айнадай мөлдірлігі сонша – айналасындағы таулардың бейнесІ шағылысып тұр екен. Көлдің үстінде аппақ мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса да, бірден: «Қандай жарастық, тыныштық! Бақыт осы болар! – деп ойлайтындай.
Екінші суретте де таулар бейнелеген. Бірақ тік, биік таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы, сурет бір қарағанда, еш ғанибет сурет емес-ті. Бірақ бай кісі суретке қарап сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесін байқайды. Қасында кұс ұясы да салынған екен. Кішкентай құс ұясын судың ортасына салған екен. Міне, бақыттың керемет үлгісі! Бірден жеңімпаз болып осы сурет атанды. «Өйткені бақыт дегеніміз қиындық пен тапшылық жоқ жер емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастықтың болуы» – дейді бай.
-
Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Жеңімпаз сурет
2. Қазылар алқасы
3. Биік таудың суреті
4. Тұнық көлдің суреті
5. Суретшілер жарысы
-
Мәтін мазмұнына лайық атау
-
Жеңімпаз суретке қатысты мақал
-
Мәтінде таңдалған екі суреттің айырмашылығы