
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
35-мәтін (2019 жыл)
Адамтану
Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Адамтану бойынша зерттеу жүргүзушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәпемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасаттының, ерік күшінің, белсенділгінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. Бәрі мүмкін.
Адамтану – даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Kiсі танымақ болсаң, ісіне қара», – деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайымдылығы, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет- ғұрыптары да – оның жан-дүниесінің айнасы.
-
Мәтінде жауабы жоқ сұрақтар
-
Адамның жүріс-тұрысы арқылы нені анықтауға болады?
-
Даналықтың қайнар көзі не?
-
Уәдесінде тұра білмеген адамға не істеу керек?
-
Киген киімі мен үйінің тазалығын қаншалықты көрсеткен дұрыс?
-
-
Мәтін мазмұнына сай емес нұсқа
-
Жүсіп Баласағұни сөзімен мағыналас мақал
-
Мәтін бойынша тұжырымдардың дұрысы
- Кей адамдар сылтау айтуды ұят санайды.
- Адамның өскен ортасы өзі туралы мағлұмат бере алады.
- Бір қателігі арқылы адам туралы пікір айтуға болмайды.