
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
37-мәтін (2019 жыл)
Байұлы
Байұлының жеті жасар күнінде елі көшіп, қоныс аударады. Көп балалардың біреуі тайына, біреу атына мінгенде, бір бала жыламсырап қарап тұрып калады. Мұны көрген Байұлы қасына барып:
– Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. Бала қамығып:
– Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – дейді. Сонда Байұлы аттан түсіп, әкесіне жаяу барып:
– Мен атқа мінгенде, маған ер-тоқымымен бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? –деді. ӘкесІ:
– Кімге бересің? – деді. Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұны әкесі де түсініп, риза болып:
– Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, – деді. Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп береді. Баланы қасына ертіп алды да, шауып кеп көп балаға қосылды. Сол уақытта бір ақсақал қонақ болып жатыр екен, балаға разы болып:
– Бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер,– деп сыртынан бата береді. Сол Байұлының он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болыпты.
-
Мәтін мазмұнына сәйкес мақал
-
Байұлының балаға берген сыйы
-
Батаның қабыл болуының көрінісі
-
Мәтін түйіні