
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
30-мәтін (2019 жыл)
1. Адамдар ғасырлар бойы алысқа хабар жеткізудің жолдарын қарастырды. Алғаш қолданған тәсілдер аспан ашық болғни күні от жағу және айнаны күнге шағылыстыру болатын. 1793 жылы француздық Клод Шапп өзі ашқан хабар жеткізу машинасын «телеграф» деп атады. Бұл құрылғының жұмысы иінтіректің (рычаг) қозғалысынан пайда болған белгілер, сандар мен әріптерді басқа жерге жеткізу болатын. Осыдан 40 жыл өткен соң электрлі телеграф дами бастады. Ал 1876 жылы Александр Грейам Белл алғаш сым құралдары арқылы хабарласатын телефонды ойлап тапты.
2. Телефонмен сөйлескен сайын айтылатын «Алло» сөзі – бір қыздың (телефонды ойлап тапқан Александр Грейам Беллдың сүйіктісі) қысқартылған есімі. Қыздың толық есімі – Алессандра Лолита Освалдо. Грейам Белл алғашқы телефон желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Белл шеберханасына телефон шалынған сайын, оның сүйіктісі екенін біліп, телефон тұтқасын көтерер-көтерместен: «Алессандра Лолита Освалдо», - дейтін болған. Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып: «Але Лол Ос», – деп айта бастаған. Жұмыстары көбейген сайын, оның атын әлде де қысқартып, екі буыннан тұратын «Алло» деген сөзбен телефон тұтқасын көтеруді әдетке айналдырған екен.
3. Беллдың телефон желісін дамыту. барлық қалаларға тарату секілді көптеген тәжірибелермен жұмысбасты болуы сүйіктісін зеріктіріп, ол басқа қалаға кетіп қалады. «Күндердің бір күні сүйіктімнен хабар келеді» деген үмітпен Белл телефоннан алыстамайтын болады. Күн өткен сайын тартылған телефон желісі артып, хабарласатын адамдар да көбейе түседі. Ғашығынан бір хабар күткен Белл барлық шалынған телефонға жүгіріп, тұтқаны «Алло» деп көтеретін болады. Осылайша барлык адамдарға «Алло» деп кетеді. Кейін басқа адамдар да Александр Грейам Беллдің құрметіне телефон тұтқасын көтергенде, «Алло» деп айтуды әдетке айналдыра бастайды. Бұл сөз бүтінге дейін жетті.
-
Мәтіннің мазмұнына алшақ сөйлемдер
1. Белл телефон тартуда басқа қалаларға тәжірибе үшін барады.
2. Адамдар Беллдің құрметіне телефон тұтқасын көтергенде «Алло» дейді.
3. 1793 жылы хабар жеткізетін телеграф пайда болды.
-
Мәтіннің екінші бөлігінде айтылған ой
-
Сым құралдары арқылы хабарласатын телефонның пайда болғанына қанша уақыт болды?
-
Мәтіндегі оқиға реттілігі
1. Грейам Беллдің қыз үйіне телефон желісін тартуы
2. Электрлі телеграфтың дамуы
3. Телефон түтқасын «Але Лол Ос» деп көтеру
4. Телефон желілерініц артуы
5. Телеграф машинасының ойлап табылуы