Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

32-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Шерқала

Шерқала – Ақтау тізбегінің бірі саналғанымен мидай жазықтың дәл ортасында өзінің сыртқы көрінісімен ерекшеленіп, оқшау тұрған борлы тау. Топырақ пен ірі гипс араласып қатып қалған, көкке шаншылған асқақ шыңның биіктігі 300 метрдей болып қалады. Қазақтардың аңызына қарағанда, таудың ұшар басында бекініс болған көрінеді. Ол жау қоршауында қалып, көп уақыт бойы берілмей қояды. Тек дұшпандары таудың астын үңгіп, қорғаныстағылардың су aлy үшін құдыққа түсірген шелектерінің арқанын кесіп, оларды шөлден қатырады. Бекіністегілер шөлге шыдай алмай, амалсыз берілуге мәжбүр болады. Бұл аңызды білмейтін бұл төңіректе бір де бір адам жоқ шығар, бірақ олардың ешқайсысы да оның қашан болған және кімдермен болған шайқас екенін айтып бере алмайды.

Таудың әр тұcынан бір кезде салынған басқыштың ізі байқалады. Бор сияқты жұмсақ жер қыртысын қашап басқыш жасау, әрине, қашан да болса қиынға түсе коймайды. Жотаның төбесі мүлде бос жатыр, тек ар жерден қылтия өскен әлсіз өсімдіктер ғана көрінеді. Ешқандай да жер асты жолы мен ешқандай да атақты құдықтың өзі түгілі ізі де жоқ. Тек түтін ысынан әбден қарайып кеткен бірнеше үңгірлер ғана бар. Бұл үңгірлер, бәлкім, дала қарақшыларының бой тасалаған орны болған шығар, әйтпесе бұл тау тек қырандарға ғана мекен болғандай. Ол жерден жақында оқ өткізбейтін ескі сауыт пен татарлардың бірнеше ұсак тиындары табылыпты.

Шерқаланың сыртқы алып тұлғасы Рим Пантеонына, сол сияқты ерте дәуірдегі атақты ескерткіштерге ұқсайды. Оған жақын келіп карасаң, бор кесектерше түсірілген ойындылар мен ғажайып ерекшеліктерге толы алып құрылыстың қабырғалары мен ұшар басы ерекше мүсіндермен тұйықталған алып бағаналардың сынықтарын көріп тұрғандай әсер аласың.



Сұрақтар
  1. Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым

    1. Таудың ұшар басында бекініс болған

    2. Ол жерден ескі сауыт пен тиындар табылыпты

    3. Жотаның төбесінде өсімдіктер жайқалып тұр

  2. Аңыз бойынша бекіністің жауға берілу себебі

  3. Мәтінге қатысы жоқ деректі табыңыз.

  4. Шерқаланың өзіндік ерекшелігі

Қате туралы хабарландыру