Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

28-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. Жұмыр жер адамзат баласының ғұмыр-шежіресін өн бойына қаттап жатады. Туған жерді сүю, Отанды сүю сияқты аскақ азаматтық сезімдердің берік негізі ел мен жердің шежіресі сырынан басталады.

2. Топонимия – жердің тілі, оның төсін тұрақ еткен ұрпақтың ұғым-түсінігінен, тіршілік-тынысынан қалған мұра. Көшпелі халқымыз жерді Ана деп таныған, өйткені олардың бүкіл тірлігі, қуаньш-қызығы» күнкөріс жағдайы тек қана туған жерімен тамырлас болған. Жазушы Ә.Кекілбаевтың айтуынша, көшпелілер ұлдарына қоймайтыи жақсы аттарды жерлеріне қойып баққан.

3. Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың койын дәптерінде мынадай жазу бар: «Мың шұқыр. Демек, бұл жерде байырғы кен қазба орындары болған. Анықтау керек». «Қара тас. Халық ұғымында бұлай деп темірді емеурін етеді». «Көк тас. Бұлай аталған жерде мыс бар деп топшылауға болады». «Алтын тапқан» атауы – алтынның бар екенін анғартады. Әрине, тегін емес». «Жезқазған. Демек, жез өндірілген деген сөз. Дәл аталған». «Жыланды. Түсті металл рудасы бар болу керек». Ғалым топонимиядан халықтың өмір тәжірибесімен сабақтас сыр іздейді. Ол сырды ғылыми өремен ұштастырады. Онысы негізсіз болмағаны белгілі.

4. Туған жер төсіндегі алыс заманалардан бері қарай тартылған ұрпақтар сабақтастығы, дүние дидарына қандай талғаммен карай білгені, табиғат сұлулығының алуан қырын қалай танып түйсінгендігі географиялық атауларда тайға таңба басқандай сайрап жатыр.



Сұрақтар
  1.  

    Қ .Сәтбаевтың жер-су атауларына ерекше ден коюының себебі

  2. Мәтіннің 4-бөліміне сәйкес тұжырым

  3. Халық ұғымындағы темір атауы

  4. Қ. Сәтбаев мыс болуы мүмкін екенін болжаған жер

Қате туралы хабарландыру