
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
27-мәтін (2019 жыл)
Шахмат ойыны тарихынан
1. Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Тибетке, Малайзия аралдарына, Иранға тараған. Ал Ираннан шығыс халықтарына, арабтарға, армяндарға, грузиндерге, византиялықтар мен түріктерге ауысқан. Иран, Кавказ арқылы Ресейге, арабтар арқылы Еуропаға, одан кейін Францияға, Германияға, Британияға, Испанияға дейін жеткен. Археологтардың соңғы зерттеулері бойынша шахмат ойыны Киев пен Новгород жерінде кең тараған. XIX ғасырда шахмат ойыны бойынша халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлері өткізіле бастады.
2. Шахмат – ақыл-ой спорты. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінде «патша (шах) өлді (мат)» дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы алпыс төрт шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түстІ он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір король, бір ферзь, екі піл, екі ат, екі ладья және сегіз пешка. Ойынның мақсаты – қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, корольға мат қою.
-
Берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
1. Шахмат фигураларының саны – 18.
2. XIX ғасырда шахмат ойынынан чемпионаттар өткізілді.
3. Шахмат - әлі де кең таралмаған ойын.
-
Шахмат ойыны түріктерге қайдан жеткен?
-
Мәтіннің бірінші бөліміндегі негізгі ой
-
Шахмат ең алғаш пайда болған ел