Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

25-мәтін (2019 жыл)

Конспект

«Отырар сазы» қазақ өнері аспанында

1. Халқымыздың асыл перзенті Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» деп аталатын қайталануы, теңесері сирек тұнық қайнардың көзін ашты. «Менің арманым – өмірімізден де, әдебиетімізден де бөлшектенбеген тұтас халқымды көру және оның өткенін де, бүгінін де, ертеңін де айқын елестету. Осы ізгі ниетпен «Отырар сазын» құрдым. Халқымның жанын ашуға талшындым», – дейді Нұрағаң бір сөзінде.

2. Нұрағаң бұл игілікті істі алғашында небәрі алты музыкант, екі әншімен жүзеге асырды. Алғашқы концертте ансамбль мүшелерінің саны он жеті болды. 1985 жылы Москваның Чайковский атындағы өнер сарайында өткен ойын - сауықта «Отырар сазының» даңқы шырқады, ол оркестр дәрежесіне бір-ақ көтерілді. Мүшелер саны алпыстан асқан «Отырар сазы» 1985 жылы Бүкілодақтық жастар фестивалінде лауреат атанды. Осы жылы ол Бүкілодақтық Ленин комсомолының сыйлығын иеленді. Мұның алдында «Отырар сазына» Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазаққа тән музыка аспаптарының көнелері мен жаңаларын үйлесімді түрде сахнада «өз тілімен» сөйлеткен «Отырар сазының» атақ-даңқы дүние жүзіне танылды.

3. Нұрғиса оркестрді мүлде беймәлім және ұмыт қалған ұлттық музыка аспаптарымен толықтыруға баса назар аударды. Сол себепті де оның үні сан алуан. «Отырар сазының» репертуары аса бай. Онда Алтайдан Атырауға дейінгі халық ән-күйлері мен саз-толғаулары мол. «Отырар сазыңда» ежелгі ата жұртымыздың, қазақ елінің мақтанышына айналған Нұрғисаның авторлық әндері мен күйлері де жиі естіледі.



Сұрақтар
  1. Ең алғаш «Отырар сазының» қанша мүшесі болды?

  2. Екінші бөлімнің бірінші бөлімге қатысы

  3. «Отырар сазының» басты ерекшелігі

  4. Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазын» құрудағы мақсаты

Қате туралы хабарландыру