
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
24-мәтін (2019 жыл)
Жемісті шыбық
Бір ауылда егде тартқан қарт кісі өмір сүріпті. Жастайынан еңбекқор қария еш тыным таппайды екен. Ауылдастары оған қызыға қарайтын болыпты. Бірде бір бай әлгі қарттын жеміс ағашының кішкене шыбығын отырғызып жатқанын көріп, оған таңғалыпты. Үндемей қалуды жөн көрмеген бай қарияға:
– Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыныздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге осынша бейнеттеніп жатырсыз? – дейді,
Қарт байға күлімсіреп қана қарап тұрып:
– Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, – деп жауап береді.
Бай оның жауабына риза болып, қартқа бір уыс ақша береді. Тағы да күлімсірей қараған қарт:
– Көрдің бе, балам, бұл шыбықтың жемісін, міне, мен де көрдім, – дейді.
-
Мәтінде жауабы жоқ нұсқа
-
Мәтінге сәйкес мақал
-
Мәтін мазмұнынан алшақ ой
-
Қарияның іс-әрекетін ашатын нұска