Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

23-нұсқа (2019 жыл)

Конспект

Өмірдің мәні

Бір дана қарт бос құмыраны таспен толтырады да, шәкірттеріне:

– Құмыра толы ма? – деп сұрақ қояды. Шәкірттері: – Иә, – деп жауап береді. Сонда дана бұршақ толы ыдысты алып, ондағы бұршақты түгелдей құмыраға аударады. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда дана: – Енді толы ма? – деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, ондағы құмды да құмыраға аударады. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады. Дана шәкірттерінен «Құмыра толы ма?» деген сұрағына қайта «Иә» деген жауап алады. Бұдан әрі дана суға толы кесені алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі. Дана сонда былай дейді:

– Сендерге айтайын дегенім, құмыра – біздің өміріміз. Тас – өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ – бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм – кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаң, тас түгілі бұршаққа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді.



Сұрақтар
  1. Дана қарттың құмыраны толтыру реті

  2. Мәтінде жауабы жоқ нұсқалар

    1. Құмыраны ең алдымен таспен толтырсақ неге орын қалмайды?

    2. Шәкірт құмыраны ең алдымен неге толтырды?

    3. Дана қарт нені түсіндірді?

    4. Дана қарт кұмыраны немен толтырды?

    5. Бізге қуаныш сыйлайтын не нәрсе?

  3. Мәтіннің түйіні

  4. Дана қарт айтқан өмірдегі басты құндылықтардың бірі

Қате туралы хабарландыру