
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
22-мәтін (2019 жыл )
«Мәңгілік Ел» философияcы
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінуішлік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды, Әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі казіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің негізін, ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап берді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің «қайырымды кала тұрғындарын» яғни мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, атап айтқанда күшті қорғаныс ұйымдастыру болды. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін маңызды шараларды Іске асыру керек: олар – әділеттілікті орнату, жастарды оқыту, оларға керекті ғылымға жол ашу, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
-
Мемлекеттің ішкі міндеттерінің бірі
-
Әл-Фараби теориясының ажырамас бөлігі
-
Әл-Фараби мемлекеттің қанша міндетін анықтап берді?
-
Мемлекеттің сыртқы міндетіне жататын нұсқа