
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
20-мәтін
«Он жеті жасар Жанқожа» жырының мағыналық бөліктеріне назар аударсақ, оның бірден көлемді, күрделі дәрежеде тумағанын байқаймыз. Жыр мазмұнын құрайтын мотивтер ертеректе ел ішіне кең тараған шығармалар болуы мүмкін. Мәселен, «Жанқожаның Созақты алуы», «Бабажанның елге бүлік салуы», «Жанқожаның Тықы мен Әйімбет батырларды жеңуі» сияқты оқиғалар жеке-жеке жыр ретінде айтылған. Содан соң ғұмырбаяндық тұтастану процесі арқылы көлемді шығармаға айналған. Бұл жөнінде М. Әуезов: «Батырлар жырының қайсысы болса да алғашында жеке оқиғаларды суреттеуден туады. Ең әуелі жырға батырдың бір-екі ерлік ісі қосылуы мүмкін. Келесі сәтте тыңдаушы көпшілік жыршы ақыннан «жаңағы әңгіменің жалғасын айт» деп тілек білдіруі ықтимал. Сол кезде жыршы ақын бұрынғы әңгімелерін қайталай бермей, көпшілікке тараған жырдың алғашқы оқиғасына тыңнан сюжеттер қосатын болады. Жырды редакциялап, тыңдаушыға бір жерін түсіре жырлайды. Сөйтіп ол жырдың ұзағынан айтылатын көлемді де күрделі ұлғайған түрін тудырады», – деп айтқан. «Жанқожа батыр» жыры басқа да тарихи-фольклорлық үлгілер сияқты ұлтымыздың ХІХ ғ. ауқымындағы ерлік күресін, батырларымыздың отанын, туған өлкесін, азаттығын сақтап қалу жолында қандай құрбандықтарға барғанын, сол үшін қаншама күш-қайрат сарп еткенін көрсетеді. Қалай дегенмен аталмыш туындылардың ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге қосар үлесі зор екені сөзсіз.
-
«Жанқожа батыр» жырында сипатталатын оқиға қай ғасырда болған?
-
«Жанқожа батыр» жыры не туралы?
-
Батырлар жыры туралы пікір айтқан ғалым
-
Жырдың сюжетін өзгертуі мүмкін