Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

19-мәтін

Конспект

Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ержүрек қыздарының ерлігін қайталады. Туған елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды. Ал 19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миы жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – бір үйдің жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды. Тағы бір қазақтың батыр қызы Сабира Мұхамеджанова Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеруге шықты. Оны дүрбелеңге үн қосқаны үшін айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген қорлыққа шыдай алмай Өскемен педагогикалық училищесінің І курс студенті Сабира Мұхамеджанова жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

Қайрат Рысқұлбеков 1982 жылы Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оған «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Қайрат небары 21 жас ғұмыр кешті.

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/35256
 



Сұрақтар
  1. Ләззат Асанова оқыған мамандық

  2. Ләззат Асанова қанша жаста болды?

  3. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып

  4. Желтоқсан құрбаны болған ерлер

Қате туралы хабарландыру