Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

18-мәтін

Конспект

Ақпан-тоқпан – ақпан айында болатын амалдың атауы. Бұл амал кезінде 3-7 күндік қатты суық болады. Ол өткеннен кейінгі құт айындағы ауа райын түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз деп те атайды. Халық аңызында Ақпан мен Тоқпан есімді ағайынды екі жігіт кезекпен қой бағады екен. Ақпан қой жайған күні ауа-райы кенеттен бұзылып, қоймен бірге далада үсіп өлген. Сол қыс жұтқа айналып, содан ақпан амалы қалған. Қазақ есепшісі ақиқат дүниеден, табиғи ортадан әртүрлі ақпарат алады, оны өңдейді, өзінің іс-әрекетінде, қызметінде оны қолданады, дамытады. Байырғы заман есепшісі жер бетіндегі табиғат құбылыстарының алдымен қайталанып отыратын ерекшеліктеріне (циклдік сипатына) ерекше назар аударған: күн суытады, жер бетін қар басады, күн жылиды, қар ериді, көк шығады, жердің оты піседі, шөп басы толады, шөп сарғаяды, жердің оты кетеді, күн суытады, қар түседі. Әр құбылыстың өз мезгілі болады. Ертедегі қазақ есепшілері осы қайталама құбылыстарды мезгілге бөліп, оның қайталама сипатын аспан денелерінің қозғалысымен байланыстырып отырған. Сөйтіп күнтізбе жүйесінің алғышарттарын жасаған.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/54032/
 



Сұрақтар
  1. Ақпан-тоқпан дегеніміз?

  2. Ертедегі қазақ есепшілері

  3. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып

  4. Ақпан мен Тоқпан туралы халық арасында сақталған

Қате туралы хабарландыру