
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
17-мәтін
Қараша айы туысымен құстар жылы жаққа қарай ұшып, алғашқы қар түседі, күн суып, өзен, көлде мұз қатады. Қарашада құстардың қайтуына, қараша айының қайта келуіне байланысты жылдың осы мезгілі «қарашаның қайтуы» деп аталады. Бұл кезде солтүстікте қыс ерте басталып, күн суытады. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «қырбастың қызылы» деп атайды. Сарыарқада қыс ерте түсіп, қатты аяз, бұрқасын боран басталады. Желтоқсанның соңғы онкүндігі киік текесінің маталып, ұрғашысын қашыратын кезі. Бұл онкүндікте қатты боран соғып, киіктер екі-үш күн ішінде толық маталып болады. Сол себепті мамыр айының аяғында да киіктер екі-үш күннің ішінде лақтап, балаларын өргізеді. Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді. Сақылдаған сары аяз келіп, қыстың нағыз өз күшіне енген уақытын «қыс шілдесі» дейді. Бөрі сырғақ – күн қайыру мен ауа-райын болжау танымындағы амал атауы. «Ат құлағы көрінбейтін боран» осы уақытта күш алады. Ай аяғындағы қарлы сырғақ пен қатты боранды күндерде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көпті көрген көне көздер бұл амалдың «бөрі сырғақ» деп аталуы да осыдан шыққанын айтып отыратын.
-
Желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз қалай аталады?
-
Киіктер лақтайтын уақыт
-
Сырғақ дегеніміз
-
«Ат құлағы көрінбейтін боран» тіркесінің мағынасы