Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

16-мәтін

Конспект

«Қазанның қағуы» амалы кезінде қазан айының ішінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады. Бұл амал «қазанның қара дауылы» деп аталады. Қазанның желі қаққан ащы шөпті осы амалдан кейін қой, түйе малдары жеп ащылайды. Сонымен қатар қазан айында кіші қазан, үлкен қазан деп аталатын амалдар бар. Бұл екі амалдың да ұзақтығы он күннен, арасына екі апта салып, кезектесіп келеді. Қарттарымыз бұл амалдардың кіруі мен шығуын ескі санат (юлиан) күнтізбесі бойынша есептеген. Кіші қазанда жел тұрып, күн суып, жаңбыр жауады. Тұщы шөптердің бояуы оңып қурайды. Ал ащы шөптер: шағыр, сораң, қара жусан, алабота, т.б. пісіп, тұшиды. Қазақ бұл құбылысты «шөпті қазанның қағуы» дейді. «Қазан қақпай мал жемейді» деген сөз бар. Сондықтан мал өсіретін ел бұл шөптерді «қазан қақпай» шаппайды. Себебі, қазан қақпай шабылған ащы шөп малдың ішіне тиеді, ас болмайды. Ал үлкен қазанда қар аралас жаңбыр жауады, қатты ұшырма жел болады. Өсімдік атаулы түгелге дерлік қурайды, яғни көктемде бой алып өскен өсімдік атаулы қара отқа, бойында нәрі жоқ өлі шөпке айналады. Байырғы кезде қазақтар үлкен қазан амалы жақындағанда-ақ кәрі, ақсақ-тоқсақ малдарды өріске жібермей, ауыл маңына ұстайтын және олардың ішінен қазан асын соя бастайтын. 

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/54032/
 



Сұрақтар
  1. Қазанда күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады. Бұл құбылыс қалай аталады?

  2. Қазан айында неше амал бар?

  3. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып

  4. «Қазанның қара дауылы» амалынан кейін қай төрт түлік түрлері ащылайды?

Қате туралы хабарландыру