Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

15-мәтін

Конспект

«Балуан Шолақ» дегенде апайтөс балуан, біздің құшақ жетпейтін кір тасын көтерген алып күш иесі көз алдымызға елестейді... «Балуан Шолақ» дегенде артынан аңыз ерген атақты тұлға мұнартады... «Балуан Шолақ» дегенде «Ғалия» әні ойға оралады... «Балуан Шолақ» дегенде ақбоз аты кісінеп келіп тұрғандай көрінеді... Қазақ халқы ертеден-ақ ақылды, дарынды, талантты ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп бір-ақ ауыз сөзбен танытқан. Ұлына келгенде «Жігітке жеті өнер де аз» деп тағы да қайрай түскен. Ен далада еркін өскен ерке ұлттың маңдайына біткен батырлар мен баһадүрлер, ақындар мен күміс көмей әнші-жыраулар аз емес. Сондай тұлғалардың бірі – Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы. Балуан Шолақ жауырыны жерге тимеген күрес шебері, ауыр салмақ көтеріп өнер көрсеткен алып күш иесі, адуынды ақын, ғаламат әнші-сазгер. Бұдан өзге ат құлағында ойнайтын айрықша өнері болған. Шауып келе жатқан ат үстінде күрделі цирктік көріністер жасай беретін, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген. Қазақ тарихындағы айрықша тұлғаның тағдыры мен өмір жолын зерттеушілер аз емес. Балуанның ізбасар ұрпағы да арамызда. Кейінгі буын балуанның бұралаң өмір жолын жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесімен біліп өсті. Балуан Шолақ жылқы жануарын ерекше құрметтеген. Ақбоз аты айырылмас серігі болған. Бұл жайында Сәбеңнің повесінде жазыла кетеді.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/55320/
 



Сұрақтар
  1. «Балуан Шолақ» дегенде ойға келер ән

  2. «Балуан Шолақ» повесінің авторы

  3. Балуанның әкесі

  4. Мәтін стилі

Қате туралы хабарландыру