Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

14-мәтін

Конспект

Қыпшақ – қазақ халқының және бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпалар ұйымы, Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақты ертеде орыстар «Половец» деп, еуропалықтар «Cuman» (Куман) деп, грекше «Κουμάν» (Коуман/Ковман) деп, парсылар «قبچاق» (Қабчақ) деп, арабтар «قفجاق» (Қифджақ) деп және мекендеген жерлерін «Дешті Қыпшақ» атаған. Шыңғыс хан империясы кезінде Қыпшақтар Алтын Орда (Жошы Хан) ұлысында болды. Алтын Ордада (Қырымда) 1294 жылы»Codex Cumanіcus» атты қыпшақ сөздігі шығарылған, оның бір бөлігі латын-парсы-куман тілдерінде, екінші бөлігі неміс-куман тілдерінде жазылған. Бұл сөздіктің 1303 жылғы көшірмесі сақталып қалған, қазір Венецияда. Жазылған сөздері қазіргі қазақ тіліне өте жақын. Алтын Орда (Ұлы Орда) ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлысқа бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығында қалды. Башқұрт ішіндегі ру «Қыпсақ» аталады. Қазақ ішіндегі Қыпшақ руының таңбасы – қос әліп, қос найза, қос пышақ, қос көсеу. Қыпшақтан көптеген атақты шыққан, соның ішіндегі Қара Қыпшақ Қобыланды батыр шамамен 15 ғасырда өмір сүрген. Қобыланды батыр туралы жыр ежелден бері түркі халықтары арасында ауызша айтылып келген, қазір қағазға түсірілген 26 нұсқасы белгілі. 1975 жылы Мәскеуде шығарылған «Қобыланды Батыр» эпосында Қобыланды батырдан Табын және Тама рулары тарайды делінген.

https://massaget.kz/blogs/25183/
 



Сұрақтар
  1. Қыпшақтар мекендеген

  2. Қобыланды батыр жырының қанша нұсқасы белгілі?

     

  3. Башқұрт ішіндегі ру қалай аталады?

  4. Қыпшақ сөздігі

Қате туралы хабарландыру