Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

38-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Рақмет пе, рахмет пе?

Рақмет пе, рахмет пе? Бұл сөздің дұрыс жазылуы әлі күнге дейін даулы мәселе. Соңғы 2013 жылы шыққан «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» дұрысы «РаҚмет» болып жазылған. Сөздік құрастырушылары оны былай түсіндіреді. Шығуы: рақым + ет. Осы күйінде «рақымет» ден жазар болсақ, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді. Қазақта «х» әрпі болмаған, ол біздің әліпбиімізге араб тілінен келген кіріккен сөздер арқылы енді. Бұл әріп белсенді қолданылмайды, қазақтар дыбысты көмейінен шығарып, «х» деп айтпаған. Айтылғанда автоматты түрде раҚмет, сұҚбат, Қан (хан) деп дыбысталған. «Хан, хат» сөздері «қан, қат» сөздерімен шатастырмау үшін, омографтардан қашу мақсатында енгізілген. Сұхбат, тілхат деген секілді сөздер латын негізіндегі қазақ әліпбиіне көшкен кезде бір жүйеге келтіріледі. Қазақ ақын-жазушылары да «рақмет» сөзін «қ» әрпімен жазған. Мысалы:

1. М.Жұмабаев: «Жасаған кең рақметтің кілтін ашар».

2. Б.Момышұлы: «Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. Мұныңызға мың да бір рақмет, ата!»

3. М.Мақатаев: «Ойлы жас, түсініпсің, рақмет! Рақмет!».



Сұрақтар
  1. Мәтін мазмұнына сай дұрыс тұжырым(-дар)

    1. Қазақта «х» әрпі белсенді қолданылады.

    2. «х» әрпі кіріккен сөздер арқылы енген.

    3. «Қазақ тілінің орфоргафиялық сездігінде» «рахмет» деп жазылған.

  2. «Рақмет» сөзінің түп төркіні

  3. Мәтінде жазылған «х» әрпінің қолданылуы

  4. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» кездесетін сөз

Қате туралы хабарландыру