Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

40-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті – I

1. Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) - Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

2. Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан релінің мойындалуының айғағына айналды.

3. Еліміздін ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «Т» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған карым-катынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазакстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «косарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.

4. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні - ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана саммиті. Оған дейінгі жоғары денгейдегі бас қосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.

5. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы, БҰҰ Бас Хатшысы, Ресей Федерациясының Президенті, АКШ мемлекеттік хатшысы, Германия Федеральдық Канцлері, Италия Премьер-министрі, т.б бар.



Сұрақтар
  1. Астана саммитіне қатысқан елдер туралы нақты ақпарат берілген бөлім

  2. ЕҚЫҰ саммиті Астанадан басқа қай жерде өтті?

  3. I бөліктің мазмұнымен сәйкес келетін нұсқа

  4. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайтын белгілердің бірі

Қате туралы хабарландыру