Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

39-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Шеге мен сабыр

1. Ерте, ерте, ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір адамдай тәрбие беруге тырысқан жігіттің ақылы да аз болмаса керек. Ел қатарлы, заманындағы көптің бірі болып өмір сүріп жатқан жігіттің бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Бұл міні әкесін көп ойландырады. Ұлының ертеңін ойлаған әке баласының бұл мінезін түземекші болады. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде, есікке бір шегеден қағып отыр”, – депті.

2. Алғашқы күні әлгі “батыр” отыз жеті шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз мінезін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін түсінеді.

3. Содан бала есікке бір де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған куні бір шегеден алып отыр,” – деп кеңес береді. Жігіт бұл істі тез аяқтайды да, әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді.

4. Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: “Балам, жарайсың! Мінезіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша шегенің ізі калғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сұрасаң да, есікте қалған шегенің ізіндей ізі калады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың,” – деп өсиет айтыпты.



Сұрақтар
  1. Мәтін бойынша баланың әке ақылынан шешім қабылдауы нешінші бөлігінде айтылған

  2. Әкесінің баласына айтқан өсиеті

  3. Мәтіннің негізгі түйіні

  4. Әкесінің баласына өсиет айтқан мезгілі

Қате туралы хабарландыру