Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

44-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. Қалжа – келінге арнап байланған қой. Баланы дүниеге әкелген ана өмірінде оның мәні зор. Қазақта босанған әйелте арнайы сойылған қойдың еті біткенше келінді жеке қалжалаған. «Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп суық ас жегізбеген екен.

2. Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той өткізген. Жас босанған ана мен бала үшін қой сойылады. Босанған анаға осы жас еттің сорпасын ішкізіп, етін жегізіп, жоғалтқан күш-қуатын қайта жинайды. Енелер келініне қойдың етін ұсақтап турап, жас сорпа ішкізіп терлеткен. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, буындары бекіп, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжаға сойылған қойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Еттен тазарған мойынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны қатқанша керегенің басына ілген. Бұл – баланың мойны тез қатайсын деген ырым.

3. Қалжаланған, күтімі жақсы әйелдің сүті де тойымды әрі жеткілікті болады. Тоқ бала балпиып, тойған қозыдай жақсы ұйықтайды. Анасының ұйқысы да жақсарады. Халық аузымен ондайды "ындыны жарыған" дейді. «Ындыны жарыған» деген сөз тоқмейіл, кеңпейіл, өмірде тапшылық көрмеген деген мағынаны білдіреді, олар өскенде сөз таластырмай, санаспай, жанындағыларды жақсылығымен тартады.

4. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдары мен тыйымдары, өзіндік мән-мағынасы, терең салт-дәстүрлері бар. Бүгінге дейін желісі үзілмеген ырымдардың бірі де осы қалжа екенін білеміз. Ата- бабамыздан осы күнге жеткен бұл ырымды халық тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі көрінісінен де көруге болады.

5. Қазақтың, өте бір қасиетті ырымы – келінге қалжа жегізу. Бұрынырақта кедейдің кедейі де әйеліне қалжа жегізген. Тіпті бұған өзінің шамасы келмеген күнде ауқатты адамдар қалжасын әкеліп берген. Өйткені қалжа әкеп беру де сауабы үлкен іс болып саналған. Қалжаның күнделікті желінетін еттен айырмашылығы – ол жас босанған ана мен баланың сыбағасы. Қалжа еті құрметті ас саналады.



Сұрақтар
  1. Жас босанған келінді жеке қалжалаудың мәнісі

  2. "Ындыны жарыған" деген халық даналығының мәні

  3. Енесінің қамқорлығы туралы айтылған бөлім

  4. Қалжа сорпасының келінге тигізер пайдасы

Қате туралы хабарландыру