
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-мәтін
«Қазақ» газеті – 1913-191 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. Бірінші нөмірі 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
Газет 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы – «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көш басында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл «қазақ ұлты» деген ұғымды білдірді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары: «Қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын», – деп жазды.
«Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы һәм редакторы Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі Міржақып Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында «Қазақ» газеті оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтас ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
-
«Қазақ» газетінің дизайны
-
Мәтіннің үшінші абзацының мазмұнына сәйкес келетін нұсқа
-
Мәтін бойынша газеттің жарық көрген жалпы саны
-
«Қазақ» газетін ұйымдастырушы әрі редактор