
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
9-мәтін
Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының орнына 1853 жылы Ресей үкіметі Заилийский әскери бекінісін салды. Ол 1854 жылғы ақпаннан бастап «Верный» (Сенімді) деп аталды. Верныйда табаны бес бұрышты қамал тұрғызылды, оның айналасына терең ор қазылып, ағаш шарбақпен қоршалды. Қамал гарнизонында Іле отрядының 470 солдаты мен офицері қызмет етті. 1855 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, кейін Сібірден орыстар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапалдан Верныйға ауысты.
1856 жылы Верныйда Қазына бағы (қазіргі Орталық саяжай) салынды. Татарлар қонысының маңында кәсіпкер Әлімжановтың алғашқы су диірмені іске қосылды. 1858 жылы Кузнецов деген көпес сыра қайнататын зауыт ашты. 1860 жылы пошта бөлімшесі мен аурухана ашылып, шешек ауруына қарсы егу жүргізіле бастады. 1859 жылы мамырда Верныйдың тұрғындары 5 мыңға жетті. 1867 жылы Верный бекінісі қалаға айналып, Верный уезінің және Семей облысының әкімшілік орталығы болды.
-
1855 жылға дейін Алатау округінің әкімшілік орталығы болған қала
-
1860 жылғы оқиға
-
Верный қамалының айналасы немен қоршалды?
-
Верный бекінісіне алғаш көшіп келгендер