
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
10-мәтін
Ұлыстың ұлы күнінде қыз-жігіттер бас қосып, «Ұйқыашар» рәсімін өткізген. Бойжеткендер бозбалаларға ет пен уыздан дайындалған тағам ұсынып, ілтипат көрсетеді. «Ұйқыашардан» дәм татқан жігіттерді сергектік билеп, бойларына қуат біткен деседі. Ал қыз-келіншектер көктемнің гүліндей құлпырып жүрсін деген ниетпен ер азаматтар қыздарға сырға, сақина, тарақ, айна секілді әдемі бұйымдар тату етеді. Оны халық «Селтеткізер» деп атаған.
Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге баулып отыратын дәстүрімізде «Белкөтерер» деген рәсім бар: Наурыз күні қарттарға ең дәмді, жылы-жұмсақ тағамдар ұсынылып, ерекше құрмет көрсетіледі. Бұған разы болған қариялар жастарға ақ батасын арнап, алғыс айтады.
Табиғаттың жаңа тынысына ден қойған халқымыз «Наурызек» құсының ұшып келуін, «Наурызшешек» гүлінің бүршік жаруын және «Наурызша» деп аталатын жұп-жұқа қиыршық қардың түсуін асыға күтіп, оларды бірінші байқағандар «Сүйінші» сұраған. Бұл қылышын сүйреткен қатал қыстың артта қалғанын білдіретін қуанышты белгілер.
-
Мәтінді жазудағы автор мақсаты
-
Наурыз мерекесінде жігіттердің қыздарға жасайтын сый-сияпаты
-
Белкөтерер рәсіміне қатысты қате тұжырым
-
Мәтіндегі «сүйінші сұрау» дәстүрінің мағынасы