Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

11-мәтін

Конспект

Шыңғыс қазақпен шегаралас өңірде туғандықтан шығармаларындағы кейіпкерлер қазақ жанына жақын болды. Сонымен бірге жазушының бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген екен. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Тұрар Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған. Шыңғыстың «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі «Жәмила» повесі (1958 ж.) болды. Шыңғыс Айтматов «Тау мен дала хикаясы» атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. «Қош бол, Гүлсары» (1967 ж.), «Ерте кеткен тырналар» (1975 ж.) повестері, «Боранды Бекет» романы (1980 ж.) үшін үш мәрте (1968 ж., 1977 ж., 1983 ж.) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы 2018 жылды «Айтматов жылы» деп жариялады.

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/55319/



Сұрақтар
  1. Жазушының әкесі

  2. Төреқұл Айтматовтың ұстазы болған қазақ

  3. Лениндік сыйлық алған шығармалар жинағы

  4. «Жәмилә» повесі жарық көрген жыл

Қате туралы хабарландыру