
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
12-мәтін
Global Change Biology журналында Тынық мұхиты жануарлары ішінен қоқыс, пластикалық қалдықтар табылғаны туралы мақала жарияланды. Мұны анықтаған ғалымдар 100 тасбақаға зерттеу жасаған. Эксетер мен Плимут институттарының теңіз зертханасында жүргізілген жұмыс барысында жануарлар ішінен 800 синтетикалық бөлшек шыққан. Бұл шындығында 20 есе көп болуы мүмкін деген де болжам бар. Қалдықтар қатарында машина дөңгелегінің бөліктері, темекі, мата, жіп тағы да өзге заттар бар. Жалпы Тынық мұхитында түрлі антропогенді қоқыстар мен қалдықтардан жиылған үлкен қоқыс аралы бар екені белгілі. Бірақ бұл ақпаратқа осы күнге дейін жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей келді. Әлем жұртшылығы жақында анықталған тың деректер осы олқылықты жоятынына үміттенеді. Scientific Reports басылымында жарияланған мақала аралдағы пластика саны 1,8 триллион екенін көрсеткен. Бұл ғалымдар болжаған мөлшерден 16 есе көп. Ал оның жалпы көлемі 1,6 миллион шаршы шақырымға жуықтайды. Бір қызығы, бұл аралдың көлемі Франция мемлекетінен екі есе үлкен екені белгілі болғанда бірнеше адам қоқыс аралын жеке мемлекет деп мойындау идеясын ұсынған еді.
-
Мақала жарияланған журнал
-
Қоқыс аралы бар мұхит
-
Қоқыс аралының көлемі
-
Аралдағы пластика саны