
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-мәтін
Дуррани мемлекеті (1747–1818) – Иран билеушісі Нәдір шахтың Афшар империясы ыдырағаннан кейін қазіргі Ауғанстан жерінде құрған мемлекеті. Ауған қоғамындағы әлеуметтік жағдай және сыртқы жаулардан өз жерін қорғап қалу қажеттігі жергілікті тайпаларды бір орталыққа бағынуға мәжбүр етті. Тайпалар арасындағы тақ үшін ұзаққа созылған күрестен кейін мемлекет билігі абдалы тайпасының көсемі Ахмад шах Дурранидің қолына тиді (1747–1773), тайпаның аты да Дуррани болып өзгертілді. Надир шах империясының күйреуі, Ұлы Моғолдар империясының ыдырауы және Орталық Азиядағы хандықтардың өзара қырқыстары жаңа мемлекет үшін аса қолайлы сыртқы саяси ахуал туғызды. Ахмад шах Солтүстік-батыс Үндістанға, Шығыс Иранға, Оңтүстік Түркістанға бірқатар жорықтар жасап, бірте-бірте қуатты мемлекетке айналды. Көптеген елмен, соның ішінде ел тарихында тұңғыш рет Ресеймен және Қазақ хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас жасады. Қытайға қарсы соғысу үшін мұсылман елдерінің одағын құруға әрекеттенген Ахмад шах қазақ ханы Абылайға елші аттандырып, екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнады (Байтуған би елшілігі). Ауғанстанда тұрақтылық орнауына байланысты ел территориясында халықаралық сауда-саттық дамыды. Дуррани мемлекетінің экономикасы көтерілді, жаңадан қалалар салынды.
-
Дуррани мемлекеті тарихтағы қандай саяси оқиғаның нәтижесінде құрылды?
-
Аталмыш мемлекет қай ғасырларда өмір сүрді?
-
Ел аумағында халықаралық сауда-саттықтың дамуына негіз болған жағдай
-
Дуррани мемлекетінің басшысы не мақсатпен мұсылман елдерінің одағын құруға талпынды?