Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

50-мәтін (2021 жыл)

Конспект

Мал шаруашылығымен шұғылданып, түнгі күзетке жиі шыққан қазақ халқы Темірқазықты айнала қозғалатын Жетіқарақшыны жер тараптары мен түн мезгілдерін ажырату үшін пайдаланған. Жетіқарақшыны жер тараптары мен түн мезгілдерін ажырату үшін пайдаланған. Жетіқарақшының ең жақсы көрінетін уақыты – наурыз, сәуір, айлары. Жетіқарақшы еліміздің барлық аумағынан айқын көрінеді.

Қазақ ауыз әдебиетінде Жетіқарақшы мен Темірқазыққа қатысты екі ертегі сақталған.

Бірінші ертегі. Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Ақбозат пен Көкбозат. Темірқазыққа арқандалған сол тұлпарларды ұрлау үшін Жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап, айналып жүреді. Бірақ таң атып кетіп, олар қапы қалып отырады.

Екінші ертегіде аспан әлемінде өмір сүрген ағайынды жеті жігіт туралы айтылады. Жігіттердің ауызбіршілігі мықты екен, сотқарлықпен де аты шығыпты. Күндердің бір күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Осыдан кейін оларды басқалар «Жетіқарақшы» деп атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін, үркерліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен. Олар жақындап қалғанда, үнемі таң атып кетіп, қапы қалады екен.

Көптеген халықта жеті санының қастерленуі, әсіресе, апта саналуында жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.



Сұрақтар
  1. Жетіқарақшының ең жақсы көрінетін мезгілі

  2. Мәтін бойынша Үлпілдек сұлудың мекені

  3. Мәтінге қатысты дұрыс ақпарат

    1. Жетіқарақшыға қатысты екі ертегі сақталған.

    2. Қос жарық жұлдыз – Ақбозат пен Көкбозат.

    3. Жетіқарақшыны еліміздің оңтүстік өңірінде айқын көрінеді.

  4. Мәтіндегі екі ертегіге ортақ іс-әрекет

Қате туралы хабарландыру