
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
51-мәтін (2021 жыл)
1. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың тарихи Отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем мен үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне жаралған.
2. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының Отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі адамның генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған болатын. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі «Алматы» деп аталды.
3. Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараданатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың Отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі.
4. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, әрі ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Олардың басым – көпшілігі біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
-
Мәтін мазмұны бойынша ой реттілігі
1. Регель қызғалдақтары
2. Қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері
3. Ғылыми дәлелдеме
4. Сиверс алмасының Отаны
-
Мәтіннің төртінші азатжолына сәйкес келетін тұжырым
1. Қызғалдақ – көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік.
2. Ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап алды.
3. Еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі «Алматы» деп аталды.
-
Мәтіннің екінші азатжолына айтылған ой
-
Сиверс алмасына қатысты ақпарат