
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
45-мәтін (2019 жыл)
Велосипед тебудің 6 пайдасы бар. Біріншіден, велосипед тебу арқылы біз күйзелістен арыламыз. Өзіңіз ойлап көріңізші, орман ішінде қыдырып, таза ауамен демалып, айналаңыздағы әсем суреттерге көз салу қандай керемет! Велосипед тебуге демалыс күндері отбасымызбен бірге шықсақ болады. Сыр шертіп, түрлі суретке түсеміз. Екіншіден, велосипед тебу арқылы жүрек пен қан тамырларының жұмысы реттеледі. Бастапқыда жүрегіңізге аздап күш түсіресіз де, артынша оған оттегінің көмегімен демалуға мүмкіндік бересіз. Жүректің бұлшық еті жаттығып, шыдамдылығыңыз арта түседі. Үшіншіден, ағзамыздағы зат алмасу процесі жылдам жүреді. Ауа аркылы жұғатын аурулардан сақтайды, Өкпеміз ашылады. Төртіншіден, аяқты шынықтырып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Егер жүгіруге қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшық еті қатаяды. Бесіншіден, көк тамырдың кеңеюін емдеуге көмектеседі. Сіз велосипедтің «үзеңгісін» айналдырған сайын «қатып қалған» қан тарайды. Алтыншыдан, велосипед тебу арқылы көзіңіздің көру қабілетін жақсарта аласыз. Күнделікті компьютер, телефон-планшетке үңілуден көзіміз тез шаршайды. Алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал велосипед тебу барысында алыс аймақты да бақылай аламыз, көзіміздің бұлшық еті демалады.
Егер сіз велосипедті енді ғана тебе бастаған болсаңыз, алдымен 20-25 минуттан бастаңыз. Күн сайын 10 минут қосып отырыңыз. Велосипед тебу кезінде буындарыңыздың немесе бұлшық етіңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұрыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, кейін қайта жалғастырыңыз. Велосипедті тамақ іше салысымен теппеуге кеңес береміз. Өзіңізбен бірге ауыз су ала шығуды ұмытпаңыз.
-
Велосипед тебудің жүйке жүйесіне игі әсері нешінші орынға қойылған?
-
Велосипед тебудің жүректің, көздің, аяқтың бұлшық етіне оң әсері
-
Берілген тұжырымдардың мәтін мазмұнына сәйкестігі
1. Велосипед тебудің адамның тыныс алу мүшелеріне игі әсері бар.
2. Велосипед тебу адамның омыртқа сүйегі ауруларының алдын алады.
3. Велосипед тебу көздің керу қабілетінің жақсаруына ықпал етеді.
-
Мәтінде велосипед тебумен алмастыруға ұсынылған әрекет