Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

49 мәтін (2021 жыл)

Конспект

Әр қазақ «Менің Қазақстаным» деп тебірене шырқайтын еліміздің Әнұранның авторы, айтулы ақын – Жұмекен Нәжімеденов. Ол бала күнінен екі өнер – әдебиет пен күйді тел еміп өсті. Бала Жұмекеннің бойындағы ізгілікті сезімдерін оятып, арманның асқар биігіне жетелеген екі ұлы құдірет те әдебиет пен күй болды.

Атасының қасынан бір елі қалмай, жыр-қиссалар мен ертегілерді тыңдап, болашақ ақын халық ауыз әдебиетінің нәрін, ана тілінің уызын бойына сіңіріп өсті. Жазықсыз жазаланып, сол уақытта кітаптарын оқуға тыйым салынған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров шығармаларымен танысты. Әсіресе, жыр дүлділі Ілиястың «Құлагер» поэмасы бала Жұмекеннің қиял бесігін тербеп, арманына қанат бітіргендей болды.

Немересінің домбыраға әуестігін байқаған Нәжімеден атасы Атыраудың Қошалақ өңіріне аты шыққан Тесік тамақ Сабыр деген домбырашыны үйіне шақырады. Өнерге құштар бала төрт-бес жасынан сол кісіден домбыра үйренеді. Жұмекеннің зеректігі сондай – бір тыңдаған күйін айнытпай домбыраға сала береді екен. Ол төкпе күйлерді ғана емес, шертпе күйлерді де шебер орындайды. Қазақ радиосының алтын қорынан анда-санда Жұмекен Нәжімеденовтің орындауында қазақтың «Ақшолпан», «Қайғылы қара» күйлері әуе толқынынан беріліп тұрады.

Жұмекен Нәжімеденов 1967 жылы жарық көрген «Күй кітабында» күйді жыр тіліне көшірді. Бұдан асқан қандай тапқырлық пен шеберлік болуы мүмкін поэзияда!



Сұрақтар
  1. Бала Жұмекеннің домбыра тартуды үйрене бастаған жасы

  2. Ж.Нәжімеденовтің музыканы жыр тілімен жеткізген еңбегі

  3. Жұмекен Нәжімеденов қатар меңгерген қос өнер

  4. Мәтіндегі жер атауы

Қате туралы хабарландыру