
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
48 мәтін (2021 жыл)
1. Эрмитаждың тарихы 1754 жылы іргетасы қаланған Қысқы сарайдан басталады. Ол XVIII ғасырдың ортасында үстем алған барокко стилімен салынған. Алғашында онда жинақталған көркем шығармалар патша отбасының өз меншігі болып есептелді. Тек 1852 жылы қалың бұқара өкілдері көруге болатын мұражай ашылды.
2. Қазір Эрмитаж коллекциясында екі миллион бес жүз мыңнан астам көркем шығарма бар. Мұражайда жеті бөлім бар, әртүрлі тақырыпқа арналған отыз сегіз көрме жұмыс істейді.
3. Эрмитаждағы скифтер коллекциясы да бар әлемге әйгілі. Солох, Чертомлық қорғандарынан табылған бұйымдардың орасан зор тарихи және көркемдік маңызы бар. Сирек кездесетін туындылар қоймасында V ғасырдағы скифтер шайқасын бейнелейтін алтын табақты көруге болады. Таулы Алтайдағы Пазырық қорғанынан табылған ұзындығы отыз метрлік киіз кілемнің, шатыр мен күймелі арба, ағаштан, былғарыдан жасалған көркем бұйымдар көшпелі халықтардың тұрмыс-салтын айқын суреттейді.
-
Үшінші азатжолға сәйкес келетін тақырып
-
Алғашында Эрмитажда жинақталған көркем шығармалардың меншік иелері
-
Эрмитаждың тарихы басталатын жер
-
Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат