
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
27-мәтін (2019 жыл)
1. Түркістан – қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Оның тарихы ең кемі 2000 жыл, мүмкін одан да бұрын пайда болған. Қала өте қолайлы жерде орналасқан, табиғаты тамаша, маңайы таулар мен өзендер, жері құнарлы. Сонымен қатар, Түркістан – төрт жолдың торабы, ол Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстіктен келген керуен жолдарының түйісетін жері.
2. Ең бастысы, Түркістан – түркі халықтарының саяси және рухани орталығы болған. Бұл жерді түркі елінің билеушілері ежелден мекен еткен. Түркістанда қазақ жеріне сопылықты таратқан Қожа Ахмет Йасауидін әдемі күмбезі бар. Ол жерге қазақтар ертеде өзінің ұлы адамдарын жерлеген.
3. Түркістанда 1771 жьлы атақты Абылай ханды үш жүздің билеушісі ретінде ақ киізге көтеріп хан сайлаған.
4. Қазір Түркістан – Қазақстанның гүлденген, тарихи ескерткіштері көп, саудасы дамыған калаларының бірі, облыс орталығы.
-
Тарихи жәдігерлер туралы айтылатын азатжол
-
Мәтінге лайық тақырып