
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
26-мәтін (2019 жыл)
Сын
Атақты суретші шәкіртіне барлық суреттерін қала орталығына апарып, көрме ұйымдастыруды ұсынады. Суреттердің қасына қызыл қалам қалдырып, «ұнатпаған жерлер бар болса, жөндеуді өтінемін» деген жазу жазуды сұрайды. Бірнеше күн өтіп шәкірт суреттерін көруге барса, суреттердің шимайланып тасталғандығын көріп қапаланады. Ұстазына ренішін айтады. Ұстаз мұны көңілге алмай, суреттерді қайта салуды ұсынады. Шәкірт суреттерді қайтадан салып, бұл жолы суреттердің қасына түрлі-түсті бояуларды және өткендегідей жазу қалдырады. Бірнеше күннен соң келіп қараса, суреттерге ешкім ешқандай түзету жасамапты. Оқушы қуанып ұстазына барады. Ұстаз күлімдеп былай дейді: «Бірінші көрмеде суреттеріңді түзетуге мүмкіндік бергенінде, өмірінде бір сурет салмаған адамның өзі «әйтеуір сын болсын» деп шимайлап кетті. Екіншісінде адамдардан шығармашылық талап еттің, шығармашылық – білімді қажет етеді. Адамдар білмеген соң тақырыпқа сын айтуға қорықты. Жасаған жұмысыңның қайтарымын жұмысты түсінбейтін адамдардан ешқашан ала алмайсың».
-
Бірінші көрмеге келушілерге қатысты ой
-
Бірінші көрме мен екінші көрменің айырмашылығы