Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

25-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Eкі әлем

1. Адам өмір сүретін әлем салыстырмалы түрде екі үлкен әлемге жіктеледі. Оның алғашқысын материалдық болмыс құраса, екіншісі рухани қатынастар, құбылыстар әлемі болып келеді. Адамның тұлға болып қалыптасуында шешуші рөл атқаратын сала – рухани әлем болып табылады.

2. Адамзат өз дамуының белгілі бір кезеңдерінде «құндылықтар әлемін» түзей бастады және оған үлкен құрметпен карап, өзінің дүниетанымын, іс- әрекетін саралай түсті. Тәрбиеленді, шығармашылықпен айналысты, жетіле түсті. Рухани құндылықтар мәдениеттің сақталуына, өрбуіне себепкер болды. Материалдық байлықты жасау күнделікті тіршілікке іргетас бола алады. Ал халықтың, өркениеттің болашағы және оның өміршеңдігі рухани құндылықтарды қадірлеумен, оларды дамытумен байланысты екендігін түсіне бастады. 



Сұрақтар
  1. Мәтін мазмұнына сай келмейтін нұсқа

  2. Мәтіннің екінші бөлігіндегі негізгі ой

Қате туралы хабарландыру