
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
28-мәтін (2019 жыл)
Әлем кереметтерінің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауында салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, кұдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды.
-
Мәтін мазмұнына сай тақырып
-
Мысыр пирамидалары несімен ерекшеленеді?