Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

46-мәтін (2019 жыл)

Конспект

«Сіз» – сыпайы, «сен» – оның анайы түрі. Сөз қолданыста «сіздің» орнына «сен» қолданылса, ол сөз айтушының анайылылығын, яғни мәдениетсіздігін көрсетеді.

Айтжан дастарқан басында шешесіне:

– Сен осы шайды көп ішесің, – деп кінә тақты.

– «Сен» деме, «сіз» деп сөйле, – деп, оған әкесі Асхат кейіді.

– Менің досым Сергей әке-шешесіне «сен» деп сөйлейді ғой.... «Сен» деген сөз ең жақын адамдарға айтылады емес пе?

– Әрбір халықтың өз дәстүрі бар, – деді оған әкесі – үлкен кісіге, ата-анаға «сіз» деп инабат көрсету қажет. «Сіз» деген сөз құрметтеуді, сыйласымды білдіреді. Кез келген үлкен кісіге «сіз» деп сөйлемесең, ол сені әдепсіз деп жек көреді.

– Ал, өзбек халқында үлкен болсын, кіші болсын кез келген адамға «сіз» деп сөйлеу – ұлттық дәстүр, - деді аңқылдақ, ақкөңіл ана.

– «Жанылмас жақ, сүрінбес тұяқ болмайды» деп мақал айтушы едіңіз ғой, кешіріңіз! – деп, Айтжан әкесіне күлімдей қарады.

– Сөз қадірін біле біл, балам! – деді Асхат баласына.



Сұрақтар
  1. Мәтінге сай тұжырымды көрсетіңіз.

  2. Әкесінің Айтжанға ренжуінің себебі.

Қате туралы хабарландыру