Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

47-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Кітап – білім бұлағы

I. Қазақ "Ырыс ауысады, білім жұғысады" дейді. Расында да, білім біреуге жұғысады. Осыны білетін халық "Білмегенді сұрағанның айыбы жоқ, сұрамасаң, білмейсің’’ дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың – кітап.

II. Кітап – сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды, саған әр уақытта үндемей көмек көрсетуге әзір. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, міндет қылмайды, ақы сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа қамқор бол. Оны сүй. Оның айтқан ақылын ұқ. Көкейіңе кұйып ал. Өзің білген жақсылығыңды жұрттан қызғанба, үйрет.

III. Кітап – көп ақылдық құйылған көлі. Ол көпке тарағанда ғана көптің бойына сіңіп. игілікке жұмсалғанда ғана мақсатына жетеді. Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.



Сұрақтар
  1. Мәтін мазмұнында сөз болмайтын ой

    1. Кітап – мақсат жолы.

    2. Сыршыл дос.

    3. Ақылдың көзі.

    4. Халық қазынасы.

    5. Білмеген – айып.

  2. Мәтіннің мазмұнына сай мақал

Қате туралы хабарландыру