Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

50-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Ұлы Oтaн соғысы жылдары неміс әскерінің тұтқынына түсіп, кейіннен Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан легионында болған қазақтың алғашқы кәсіпқой скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың естелік кітабынан.

...Менің музыкамның орындалуына таң қалғандары соншалық, қатты ризалық білдіріп, көпке дейін қол шапалақтап, қайта шақырып, бірдеңелерді айтып айқайлап, сахнадан жібермей қойды. Олар үшін мұның өзі үлкен жаңалық болып табылатынын мен жаңа түсіндім. Өйткені алыстағы беймәлім елдің адамы алыс түкпірдегі Еуропа музыкасын соншалық шабытпен, асқан шеберлік танытып орындап бергеніне сенулерінің өзі қиын еді. Ендігі жерде өзім скрипкаға арнап өңдеген қазақтың халық әні «Елім-айды» орындадым. Тыңда, Еуропа, тыңда, Германия, барлығың да тыңда, менің бәрінен артық көретін елімді тыңда, қазақтың халық әні «Елім-айды» тыңда!

...Ақырғы қайырмасын қайталап тартарда, залға көз салып едім, көпшілік көзіне жас алып, мені түсініп отырғандарын сездім.



Сұрақтар
  1. «Елім-ай» шығармасының әсерін көрсетіп тұрған нұсқа

  2. Айткеш Толғанбаевтың өнерін тамашалаған ел

Қате туралы хабарландыру