Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

49-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, күй қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек. Күйші бала кейде қыз-бозбалаға ілесіп, түнгі ойын-сауыққа шығады екен. Түн тынық, жер-әлем бусана манаурайды. Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет!

Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу сызылтып күй бастайды. Қыз біткен, жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім бір күш қағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай сезінуші еді.



Сұрақтар
  1. Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың, айналаның ерекше әсерге елту себебі

  2. Мәтінге сәйкес нұсқа

     1. Күй құдыреті

     2. Шебер күйші

     3. Тәтті күй

Қате туралы хабарландыру